Бейбіт Шүменов бір сатыға көтеріліп, бірінші ауыр салмақ дәрежесіндегілер (90,7 келіге дейін) рейтингін басқарды. Қанат Ислам бірінші орташа салмақ санатында (69,8 келіге дейін) ТОП-15-те сегізінші жолдан алтыншы жолға көтерілді. Ал Жанат Жақиянов жеңіл санатта (53,4 келіге дейін) үшінші орнын сақтап қалды.
10:55, 18 Мамыр 2015
Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов WBA рейтингінде алғашқы орынға шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) нұсқасы бойынша әлем боксшыларының жаңартылған рейтингі жарияланды. Табельдегі өзгерістер қазақстандық боксшылардың дәрежелеріне де қатысты болды, деп хабарлады Sports.kz.