Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов Эл Хэймонмен келісім-шартқа қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 жастағы жартылай ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов кәсіби бокстегі ең ықпалды адам Эл Хэймонмен келісім-шартқа қол қойды. Бұл туралы boxingscene.com сайтына сілтеме жасап, boxingnews.kz хабарлайды.

Эл Хэймон көптеген танымал боксшылардың менеджері және кеңесшісі, олардың арасында атап айтқанда, P4P рейтингісінің көшбасшысы Флойд Мейвезер де бар.

Еске сала кетейік, Д.Елеусінов 2014 жылғы 3 желтоқсанда Нью-Йоркте профи-рингте дебюттік сайысын өткізіп, жас амарикандық Энтони Мэддонды бірінші раундыда нокаутқа жіберді. Қазіргі кезде қазақстандық боксшы Бруклинде (Нью-Йорк) жаттыуда.