Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин австралиялық Энтони Мандайнмен WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына таласады

АНДЫ. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин пен австралиялық спортшы Энтони Мандайн Дүниежүзілік боксшылар ұйымының (WBA) нұсқасы бойынша орта салмақта (72,6 келіге дейін) әлем чемпионы атағын сарапқа салады, деп хабарлайды Fightnews.com сайты.

Қазіргі таңда Г.Головкин мен Э.Мандайн WBA рейтингінде бірінші және екінші орында тұр, делінген хабарламада.

«Жекпе-жек өткізу құқығына өтініш беру конкурсы сәуірдің 29-ында Лас-Вегаста өтуі керек (АҚШ, Невада штаты)», деп хабарлайды сайт.

Естеріңізге сала кетейік, чемпион атағы, оның бұрынғы иесі Феликс Штурм суперчемпион атағын алғаннан кейін, әзірге бос тұр.