ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат - Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында бүгін Гүлсая Ержан алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Гүлсая Ержан (81 келі) украиналық Олеся Крысюкпен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы сенімді ойын көрсетті. Нәтижесінде ол жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ, бүгін Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) түркиялық Шеннур Демирмен жекпе-жекке шығады.
Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Валентина Хальзова (70 келі) алғашқы болып ширек финалға жолдама алды.
Оған қоса қазақстандық Алуа Балқыбекова (48 келі), Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.
Ал Назым Қызайбай (50 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Дариға Шәкімова (66 келі) мен Надежда Рябец (75 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.