Оралбай 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ақтық сында қытайлық Туохет Аербекпен жұдырықтасты. Айқаста Оралбай төрешілердің әртүрлі шешімімен 3:2 (28-29, 28-29, 29-28, 29-28, 29-28) жеңіске жетті. Осылайша, Нұрбек Оралбай Elorda Cup турнирінде алтын медаль жеңіп алды.
Нұрбек Оралбай - жастар арасында әлем чемпионы (2018 жыл).
Бұған дейін Елорда кубогында Қазақстан құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 кг дейін), Сәкен Бибосынов (51 кг дейін), Махмұд Сабырхан (54 кг дейін), Серік Теміржанов (57 кг дейін), Саматәлі Төлтаев (60 кг дейін) және Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг дейін), Абзал Серік (70 кг дейін) және Асланбек Шымбергенов (71 кг дейін) жеңімпаз атанған.
Фото: sports.kz