Бұл туралы Қазақстанның кәсіби боксының ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарланып отыр.
«Боксшының келесі жекпе-жегі 31 қазан күні Гамбургте (Германия) өтеді деп жоспарланған. Матчмейкер Марио Поковитц олар қарсылас ретінде Американың үш салмақ дәрежесіндегі аты аңызға айналған бұрынғы чемпионы кіші Рой Джонсты көргілері келетінін айтып отыр», делінген хабарламада.