Бокс матчы Новосібірде 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті. Қорытынды есеп - TKO R2 0:37. Ілияс әлем чемпионатының жүлдегері Флиссимен кездесуін екінші рет мерзімінен бұрын аяқтады.
Еске сала кетейік, бүгін Астанада да АРВ матчы сериясы өтуде. Рингтегі басты жекпе-жектердің біріне қазақстандық Берік Әбдірахманов шығады. Егер біздің боксшы жеңіске жетсе, олимпиадалық лицензияға ие болады.