Қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев АҚШ өкілі Брайан Клукиді тізе бүктірді

АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат - Нью-Йорктегі бокс кеші аясында жартылай ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев американдық Брайан Клукимен қолғап түйістірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Төрт раунд қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен Иса Ақбербаев жеңімпаз деп танылды.

Айта кетейік, бұл Клукидің алғашқы жеңілісі болды.