АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның үш дүркін чемпионы Жан Кособуцкий кәсіпқой бокстағы үшінші кездесуін өткізіп, қарсыласын бірінші раундта сұлатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жекпе-жек Мәскеу қаласындағы «Крылья Советов» спорт кешенінде өтті.
Отандасымыз Кособуцкий осыған дейін 17 кездесу өткізіп, тоғызында жеңіске жеткен украиналық Алекснадр Нестеренконың жеңіліс санын жеңісімен теңестірді. Ол осыған дейін 8 рет жеңілістің ащы дәмін татқан болатын.
Айта кетейік, Кособуцкий кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін қараша айында беларусь боксшысы Олег Заблотскийге қарсы өткізіп, жеңіске жеткен еді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.