Орта салмақ өкілдерінің айқасы басталмай жатып бітіп қалды. Бірінші раундта Жақсылық қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Содан кейін Хафнер жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Техникалық нокаут қазақстандық боксшының есебіне жазылды.
Бұл Қырғызәлінің карьерасындағы төртінші жеңіс болды (екі рет жеңілген). Осымен 39 жекпе-жегін өткізген Френк Хафнер 14-ші рет жеңіліске ұшырады.
Айта кетелік, бұлардың айқасы Шарипова-Гонтарюк титулдық жекпе-жегінің андеркартында өткізілді.