Бұдан басқа тағы бір қазақстандық былғары қолғап шебері Тұрсынбай Құлахметов камерундық қарсыласын айқын басымдылықпен жеңіп, финалға шықты. Сондай-ақ кешкі сессияда еліміздің тағы үш спортшысы медаль үшін бәсекеге түседі.
Еске сала кетейік, 12-22 мамыр аралығында Әзербайжан астанасы Бакуде IV Ислам ынтымақтастық ойындары өтуде. Ойындарға 54 елден шамамен 3500 спортшы қатысуда. Қазақстан атынан бес бағыт бойынша 32 спортшы ел намысын қорғауда.