Қазақстандық боксшы О. Ергеш Болгариядағы әлем чемпионатында итальяндық В. Колеллден басым түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 52 келі салмақ санатында шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы Оразхан Ергеш итальяндық Винченко Колеллді 2:1 есебімен сүріндіріп, жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясынан.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бұл Софияда (Болгария) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының бірінші жарыс күніне қазақстандық спортшылардың алғашқы шығуы.