Қазақстандық боксшы Президент кубогында Филиппин өкілін жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Әнуар Мұзапаров Астанада «ҚР Президентінің кубогы» дәстүрлі халықаралық турнирінің жеңімпазы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

52 килограмға дейінгі салмақ санатында өнер көрсеткен Әнуар финалда филиппиндік Роген Ладонды жеңді.

Осы салмақ санатында қола медальдарды жапониялық Рюсей Баба мен Үндістан өкілі Сачин еншіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін 49 килограмға дейінгі салмақ санатында Теміртас Жүсіпов үздік атанған болатын.

Фото: kfb.kz