Қазақстандық боксшы ресейлік қарсыласын 74 секундта нокаутқа жіберді
01:21, 25 Шілде 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 21 жастағы қазақстандық боксшы Ғалым Шағатай (2-0) Мәскеуде өткен жекпе-жегінде жергілікті спортшы Дмитрий Рахмановты (0-1) жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшыоппонентін бұрышқа қысып, соққының астына алған. Бұдан кейін төреші айқастытоқтатуға мәжбүр болған. Осылайша, Ғ.Шағатай кездесу басталған 74-інші секундтатехникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Бұл оның кәсібирингтегі үшінші жеңісі. Ол биылғы ақпан айында Ақтөбеде өткен кеште отандасымызБекзат Тампиевтен, маусымда Мәскеуде Владислав Яковлевтен айласын асырғанболатын.
Ғалым TukeshovBoxing промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған.