Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев кәсіби рингте кезекті жеңісіне қол жеткізді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев кәсіби рингтегі екінші жекпе-жегінде мексикалық Хуан Валенсуэладан басым түсті.

Бұл бүгін, ең басты жекпе-жек - Головкин мен Рубионың кездесуі өтетін Карсондағы StubHub Center залында өтті. Мәдиев-Валенсуэланың айқасы төрт раундқа созылды. Әділқазылардың шешімімен жеңіс қазақстандыққа бұйырды.