Қазақстандық боксшы Санкт-Петербургте рингке шығады
15:33, 08 Шілде 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Санкт-Петербургте бокс кеші өтеді, оның аясында қазақстандық орта салмақтағы боксшы Жақсылық Қырғызәли (0-2) өзінің үшінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлады Sports.kz.
Оның қарсыласы эстондық Эдуард Белас (3-4) болмақ. Айқас төрт раундқа негізделген. Бокс кеші аясында басқа қазақстандық боксшы Ернар Ешенов ресейлік Артем Карасевпен қолғап түйістіреді.