Қазақстандық боксшыға қарсы мексикалық спортшы Уилберт Лопес шығады. Оның есебінде 20 жеңіс бар, оның 14-ін мексикалық мерзіміне бұрын аяқтаған. Сондай-ақ 8 рет жеңілген.
01:52, 12 Қараша 2017
Қазақстандық боксшы «Сондерс-Лемье» кездесуінің андеркартында жұдырықтасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс пен осы салмақта IBF нұсқасы бойынша экс-чемпион, канадалық Дэвид Лемье арасында өтетін жекпе-жектің андеркартында жұдырықтасады. Аталмыш кездесу 16 желтоқсанда Лаваледегі (Канада) Place Bell аренасында өтеді, деп жазады Sports.kz.