Қазақстандық боксшы Сойлыбаев WBC рейтингінің ТОП-25-іне енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) рейтингінің жаңартылған нұсқасы шықты, деп хабарлады Sports.kz.

Екінші жартылай жеңіл салмақтағы  WBC International титулының иегері    Бекман Сойлыбаев рейтинтің 24-ші  сатысына орналасты.

Вл бірінші ауыр салмақ санатында өнер көрсетіп жүрген   Иса Ақбербаев   37-ші орыннан 36-ға көтерілді.