Ол Голливудтағы (АҚШ, Калифорния штаты) Seminole Hard Rock Hotel and Casino ойын-сауық кешенінде өткен бокс кешіне қатысты.
Тұрсынғалиевтің қарсыласы - 37 жастағы тәжірибелі колумбиялық боксшы Дейви Хулио Басса (20-5, 12 КО) болатын. Он раундқа созылған кездесуде төрешілер бірауыздан Мұсаны жеңімпаз деп таныды.
Қазақстандық спортшы осылайша кәсіпқой алаңдағы сегізінші жеңісіне қол жеткізсе, оның қарсыласы алтыншы рет жеңіліске ұшырап отыр.
Айта кетейік, бұл - Тұрсынғалиевтің АҚШ-тағы екінші жекпе-жегі. Бұған дейінгі айқаста ол доминикандық Луис Инохосаны (31-15, 18 КО) тізе бүктіріп, жартылай жеңіл салмақта бос тұрған IBF «жастар» белбеуі мен WBA NABA титулын иеленген болатын.