Ғалым Шағатай жекпе-жектің екінші кезеңінде ресейлік Александр Салтыковты нокаутқа жіберіп, бірінші орта салмақтағы ProBox нұсқасы бойынша ТМД чемпионы атанды.
Еске салсақ, 21 жастағы кәсіпқой боксшы Мәскеуде титулды жекпе-жек өткізетіндігі туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.Ол осы күнге дейін кәсіпқой рингте 3 жекпе-жек өткізіп, үш қарсыласын да нокаутпен жеңген.