Асхат Калифорния штатындағы Фресно қаласында екінші раундта никарагуалық Карлос Агилерді техникалық нокаутпен жеңген. Боксшылардың кездесуі бірінші жарты салмақта өткен. Бұл Уәлихановтың кәсіби рингтегі екінші айқасы.
Еске сала кетейік, алғашқы жекпе-жегінде мексикандық Даниэль Бастиеннен жарысқа қатысу құқығынан айырылуы салдарынан ұтылған.