Қазақстандық боксшы UFC-де сенсация жасады

ЛАС-ВЕГАС. ҚазАқпарат – Қазақстандық файтер Сайран Нұрданбек (19-4) UFC-дегі екінші айқасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ол Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 198 турнирінде америкалық Шон Сорианомен (14-7) жекпе-жекке шықты. Жартылай жеңіл салмақтағы айқас үш раундқа созылып, төрешілер бірауыз Сайран жеңді деп дауыс берді. Сайран Нұрданбек бұл жекпе-жекте андердог саналғанын айта кетейік.

Осылайша, Сайран Нұрданбек MMA-дегі кәсіби мансабында жиырмасыншы рет жеңісіне жетті, ал Шон Сориано осымен сегізінші рет жеңіліп отыр.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы үшін бұл UFC-дегі бірінші жекпе-жегі. Ол промоуншда бірінші рет мамырда өнер көрсеткен, алайда төрашілердің бірауыз шешімімен аустралиялық Джошуа Кулибаодан (9-1-1) жеңіліп қалды.

Ultimate Fighting Championship – АҚШ-та, Лас-Легаста орналасқан америкалық спорт ұйымы. Ол әлем бойынша аралас жекпе-жектер өткізіп отырады.