Екінші жартылай салмақтағы кездесуде чемпиондық атақ сарапқа салынған болатын. Ол Сұлтан Зәуірбектің WBO European белдігі еді. Кездесу 10 раундқа есептелгенімен, төртінші раундта Уилер екі рет нокдаунға түсті. Алтыншы раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа жіберді.
Осылайша, Сұлтан Зәуірбек кәсіби бокстағы 12-ші жеңісіне қол жеткізіп, WBO белдігін сәтті қорғап қалды. Ал Уилер кәсіби бокста екінші рет жеңілді.
Бүгін бокс кешінің басты кездесуінде қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен (3-0, 3 КО) британиялық Стивен Уорд (13-1, 4 КО) кездеседі. Олар бос тұрған крузервейттегі WBA Gold чемпионы атағы үшін жұдырықтасады.