Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов WBA International титулын жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Болгариядағы WBA International титулы үшін өткен жекпе-жекте қазақстандық кәсіби былғары қолғап шебері Жанат Жақиянов аргентиналық Хэктор Роландо Гузманмен кездесті, деп жазады Sports.kz.

Алтыншы раундта қазақстандық боксшы өзінің қарсыласын нокаутқа түсіріп, сөйтіп WBA International титулын жеңіп алды.