Қазақстандық боксшылар Бакуде 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медальға қол жеткізді

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшылар ересектер арасында Бакуда өткен «Ұлы Жібек жолы - 2011» атты халықаралық бокс жарысында 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медальға қол жеткізді,

деп хабарлады Қазақстанның бокс федерациясынан.

Айта кетелік, аталмыш жарыс 9-13 наурыз алағында өтіп, оған Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Әзірбайжан, Иран, Грузия және Түркия сынды 8 мемлекеттен 96 спортшы қатысқан болатын.

Мәди Шолақов(56 кг), Ғани Жайлауов(60 кг), Бақытжан Қожабеков(69 кг) сынды спортшылар Қазақстан командасының қоржынына алтын медаль салды. Алмасбек Әлібеков (64 кг), Данабек Сужанов (75 кг) күміс, Левит Василий (91 кг) қола медальды қанжығасына байлады.

Жарыста Қазақстанның намысын 12 спортшы қорғады.