НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшылар 5-10 наурыз аралығында Хельсинкиде (Финляндия) халықаралық «Gее Вее» турниріне қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, аталған дүбірлі додада Қазақстан құрама командасынан 6 боксшы ел намысын қорғамақ.
Атап айтар болсақ, 57 келі салмақта Қайрат Ералиев, 63 келіде Ділмұрат Мижитов, 69 келі салмақта Асланбек Шымбергенов жұдырықтасса, 81 келі салмақта Бек Нұрмағанбет сынға түседі. Ал 91 келі Сағындық Тоғамбай мен аса ауыр салмақта ( 91 келіден жоғары) Сапарбай Нұрлан ел намысын қорғайды.
Боксшыларды құраманы бапкерлері Жамил Жүсіпов пен Андрей Спириндонов бастап барады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.