Қазақстандық боксшылар Қанат Ислам мен Жанат Жақиянов IBO рейтингінде жоғарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - IBO барлық салмақ дәрежесі бойынша боксшылардың жаңа рейтингін жариялады, деп жазады Sports.kz.

Алғашқы ауыр салмақта боксшыларымыз Бейбіт Шүменов алтыншы орнын сақтап қалса, Иса Ақбербаев 42-орыннан 43-орынға сырғыған.

Алғашқы орта салмақтағы  қазақстандық боксшы Қанат Ислам 4 саты жоғарылап, 94-ші орынға тұрақтады. Ал жеңіл салмақтағы Жанат Жақиянов 64-орыннан 60-орынға дейін көтерілген.