Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.
«Қазақстандық достарым жазда жекпе-жек өткізбек болып отыр. Олардың кейбірі маусымда, кейбірі шілде айында, енді бірі 4 тамызда өтетін Ковалев - Альварес бокс кешінде өнер көрсетеді. Жазда жекпе-жек өткізетіндердің қатарында Мейірім Нұрсұлтанов та бар», - дейді бірнеше қазақстандық боксшының промоутері Эгис Климас Talksport.com-ға берген сұхбатында.
Сергей Ковалев (32-2-1, 28 КО) - Элейдер Альварес (23-0, 11 КО) бокс кеші 4 тамызда Атлантик-Сити қаласында (Нью-Джерси штаты, АҚШ) болады.
Айта кетейік, Эгис Климас Қанат Исламнан (25-0, 20 КО) тыс, Мейірім Нұрсұлтанов (6-0, 5 КО), Сағадат Рахманқұлов (2-0, 1 КО), Асхат Уәлиханов (2-1, 2 КО) және Мадияр Әшкеевтердің (9-0, 5 КО) де промоутері.