Қазақстандық боксшылар қытай рингінде өздерінің шеберліктерін тағы да паш етті

АЛМАТЫ. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Серік Қойбағаров/ - Қытайдың Жухай қаласында кеше мәреге жеткен құрлық біріншілігінде біздің боксшылар қанжығаларына екі алтын және үш қола жүлде байлады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дамир Буданбеков жаттықтыратын ел құрамасының мүшелері Серік Сәпиев (69 кг) пен Василий Левит (91 кг) Азияның үздік боксшылары атанып, алтын медаль жеңіп алды. Ал Олжас Сәттібаев (51 кг), Ғани Жайлауов (60 кг) және Данияр Елеусінов (81 кг) - қола награданы қанағат тұтты. Ел намысын қорғаған былғары қолғап шеберлері бүгін кешке Алматыға оралады.