Қазақстандық боксшылар Минскідегі турнирде бүгін жартылай финалдық жекпе-жектерін өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Минск қаласында бокстан Кеңес Одағының Батыры Виктор Ливенцевті еске алуға арналған халықаралық жарыс өтіп жатыр.

Кеше кезекті жекпе-жектерінде Абылайхан Жүсіпов (64 келі) Украина спортшысын 2:1 есебімен ұтты. Шаймұрат Құсайынов (81 келі) та украиналық қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.

Бүгін қазақстандық спортшылар өздерінің жартылай финалдық жекпе-жектерін өткізеді. Ержан Жомарт (49 келі) Өзбекстан өкілімен айқасса, Абылайхан Жүсіпов (64 келі) - түрік боксшысымен, ал Шаймұрат Құсайынов (81 келі) мен Еркін Мұхамеджан (91 келі) - Грузия спортшыларымен кездеседі.

Минскідегі турнир ертең, 8 мамыр күні аяқталады, деп жазады sports.kz.