Қазақстандық боксшылар Мұхаммед Әлидің туған қаласына барады

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы АҚШ Елшілігі АҚШ-пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнатудың 25 жылдығын атап өту құрметіне арналған науқанның басталғанын жариялады. Оның лейтмотиві - мыңдаған қазақстандық пен америкалықты байланыстырып отырған достық қарым-қатынас.

«Достықтың 25 жылдығы» шарасының аясында Мұхаммед Әлидің спорт орталығымен тәжірибе алмасу бағдарламасы жоспарланып отыр.

«Қазақстандық боксшылар мен жаттықтырушылардың делегациясы АҚШ-қа америкалық әріптестермен кездесу және әлеуметтік-бағытталған бағдарламалар бойынша алдыңғы қатарлы тәжірибемен алмасу үшін барады. Мұхаммед Әли орталығы бағдарламаны Әлидің туған қаласы - Кентукки штатындағы Луисвилде ұйымдастырады», - деп хабарлады АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігінен.

Соңғы жаңалықтар