Жақында спортшылар Рио-де-Жанейроға аттанады. Олармен бірге жаттықтырушылары Марат Жақиев та барады.
Салтанатты жиында былғары қолғап шеберлеріне бойтұмар сыйға тартылды, деп жазды 24.kz.
Жиналғандар спортшыларға сәттілік тілеп, үлкен сенім артатындарын айтты. Берік үшін бұл - алғашқы Олимпиада, ал Әділбек - Лондон ойындарының күміс жүлдегері. Боксшы сол кезде жіберген қателіктерін жоюға бар күшін салып, техника мен жылдамдыққа баса мән беріп жатқанын айтты.
«Алдағы Олимпиада ойындарында жақсы жетістіктерге жетіп, тек Маңғыстаудың ғана емес, бүкіл Қазақстан халқының сенімін ақтаймыз деген үміттемін», - деді Олимпиада ойындарының жүлдегері Әділбек Ниязымбетов.