Қазақстандық боксшылар Сойлыбаев пен Ақбербаев WBC рейтингінің ТОП-40 қатарында

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежесі бойынша боксшылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлады Sports.kz.

Оның қатарына Қазақстан  боксшылары ілікті. Бекман Сойлыбаев екінші жартылай жеңіл салмақта ТОП-40 аяқтаса,  Иса Ақбербаев бірінші ауыр салмақ дәрежесінде 39-шы орыннан көрінді.