Қазақстандық боксшылар Украинадан олжалы оралды

АСТАНА.11 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшылар Украинаның Мариуполь қаласында өткен бокстан «Макар Мазай» мемориалы» халықаралық турнирінен олжалы оралды,

деп хабарлады Қазақтанның Бокс федерациясы.

Үш алтын, үш күміс, екі қола медаль қанжығалаған қазақстандық шеберлер жалпы командалық есепте екінші орын алды. Атап айтқанда, Біржан Жақыпов (49 келі), Олжас Сәттібаев (52 келі), Серік Сәпиев (69 келі) алтыннан алқа тақса, Ғани Жайлауов (60 келі), Василий Левит (91 келі), Иван Дычко ( 91 кг) күміс олжа қанжығалады. Ал Данияр Елеусінов (64 келі), Данабек Сужанов (75 келі) - қоланы қанағат тұтты.

Турнирге барлығы 9 елдің өкілдері қатысты. жарыс қожайындары 22 медальмен (7 алтын, 3 күміс, 12 қола) -жалпы командалық есепте бірінші орынға көтерілсе, көрші өзбекстандық команда 5 медальмен (3 күміс, 2 қола) үшінші орынға табан тіреді.