Турнирге әлемнің 20 мемлекетінен 160-тан астам боксшылар қатысты.
Қазақстандық команданың активінде бірнеше награда бар. Алтын медальды 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Ерік Әлжанов жеңіп алды. Ал, 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орынды Шаймұрат Құсайынов иеленді. Қола медаль 52 келіге дейінгі Азат Махметов пен 69 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Илья Очкинге бұйырды. Аталған боксшылардың барлығы Павлодарда өткен ел чемпионатынан соң Қазақстанның жаңартылған құрамасының мүшелері болатын.
Ағымдағы жылы қазақстандық боксшыларды екі ірі жарыс күтіп тұр. Олар әлем және Азия чемпионаттары. Мырзағали Айтжанов бастаған бапкерлер құрамы таңдауды танымал халықаралық жарыстардың қорытындысы бойынша жасайды.