Қазақстандық боксшылар WBA жаңа рейтингісінің көшін бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) жаңа рейтинг жарияланды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Жаңа ретингтегі 69,85 келіге дейін салмақ дәрежесінде Қанат Ислам көш бастап тұр. 53,42 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша Жанат Жақиянов үздік бестікке кіреді.

Иса Ақбербаев 90,71 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша 10, Жаңқош Тұраров 66,68 келі бойынша 11 орында тұр.