НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары оқу-жаттығу жиынын өткізу мақсатында АҚШ-қа аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан бокс федерациясынан мәлім еткендей, былғары қолғап шеберлеріне бапкер Марат Жакиев жетекшілік жасайды. Оқу-жаттығу жиынында жалпы дайындық барысына назар аударылады. Дайындық 30 қаңтарға дейін созылады.
Жиынға қатысуға ұлттық құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев, Василий Левит, Бекзат Нұрдәулетов, Закир Сафиуллин сынды боксшылар шақырту алған.
Естеріңізге сала кетелік, қазақстандық боксшылар Токио Олимпиадасына тоғыз салмақта жолдама жеңіп алды. Олимпиада 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді деп жоспарлануда.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.