Қазақстандық боксшылар Жүкембаев пен Құсайынов Канадаға аттанады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (7-0, 6 КО) пен Абылайхан Құсайынов (4-0, 3 КО) 28 қаңтар күні канадалық Монреальдегі Bell Centre аренасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Жүкембаев жартылай орта салмақта мексикалық Давид Ранхельмен (12-4, 8 КО) алты раундтық кездесу өткізеді. Ал осы салмақта өнер көрсететін Құсайынов тағы бір мексикалық боксшы Оскар Мехиямен (8-1-1, 3 КО) қолғап түйістіреді. Олардың кездесулері де 6 раундтық форматта өтеді.

Айта кетейік, Жүкембаев профи-рингте тек Канадада ғана өнер көрсеткен. Құсайынов Қытайда бокстасты. Одан кейінгі кездесулері тек Канадада ғана жалғасып келеді.