Қазақстандық боксшылардың әлемдік рейтингідегі орны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – BoxRec рейтингінің үздік ондығына орта салмақтағы төрт қазақстандық боксшы кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Олардың ішінде үздігі – Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО), ол 9-орынға жайғасқан. Одан кейін Қанат Ислам (28-0, 22 КО) – 13-орында, Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО) – 14-орында.

Жақында BoxRec рейтингіне Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) оралуы тиістігін еске салайық: оның келесі айқасының датасы анықталғаннан кейін IBF және IBO чемпионы әлемнің орта салмақтағы үздік боксшысы ретінде бірінші орынға қайта жайғасатын болады. Әзірге боксшы «белсенді емес» деген статуспен белгіленген.

Головкиннің орнына қазіргі кезде BoxRec рейтингінің орта салмақтағы үздігі болып британдық Кіші Крис Юбэнк (32-2, 23 КО) танылған. Алайда қазіргі кезде оның ешқандай белдігі жоқ.