Қазақстандық боксшылардың рейтингтегі орындары келесідей болды:
Суперауыр салмақтағы Иван Дычко 94-ші орыннан 95-ке түсті.
Бірінші ауыр салмақ дәрежесіндегі Бейбіт Шүменов 31-ші орыннан 32-ге сырғыса, Иса Ақбербаев 50-ші орында қалды.
34-ші орында болған жартылай ауыр дивизиондағы боксшы Али Ахмедов 36-позициядан көрінді.
Ал екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы 92-ші нөмірмен ТОП-100-ге енді.
Қыркүйекте Сауль «Канело» Альварестен жеңілген орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин рейтингте бірінші орынға орналастырылған. Ал Мейірім Нұрсұлтанов үш орын жоғалтып, 67-позицияға түсіп қалды.
Сондай-ақ бірінші орта салмақта өнер көрсететін Мадияр Ашкеев 96-шы позицияны сақтап қалды.
Жартылай орта салмақтағы Бақтияр Эюбов 92-ден 93-орынға сырғыды.
Жанқош Тұраров болса ұйымның рейтингінен шығып қалды.
Батыр Жүкембаев бірінші жартылай орта салмақ дәрежесіндегі кестеде 29-орында қалды.
Екінші жартылай жеңіл дивизиондағы Бекман Сойлыбаев 50-ші орыннан 51-ге түсіп қалды.