Бұл туралы «Қазақстан бокс федерациясынан» хабарлады.
Жаңаөзен қаласында өткен «Батыс» дивизионындағы ойындарға ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиев, Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов және қола жүлдегерлер - Иван Дычко мен Марина Вольновалар құрметті қонақ ретінде қатысты. Онда Маңғыстау облысының командасы ақтөбеліктерді 8:2 есебімен жеңді. Ал Атырау қаласындағы жарыстарда алаң иелері Батыс Қазақстан облысының боксшыларын 7:3 есебімен ұтты.
Қарағандыда жалауын желбіреткен «Солтүстік» дивизионында алаң иелері қостанайлықтарды 9:1 есебімен жеңді. Көкшетау қаласында Ақмола облысының былғары қолғап шеберлері Солтүстік Қазақстан облысының командасын 8:2 есебімен тізе бүктірді.
«Оңтүстік» пен «Шығыс» дивизиондарының ойындары 13 қазанда болады.