Prince&Princess of the World фестивалі биыл Болгарияда алтыншы рет ұйымдастырылды.
«Біз фестивальға ұзақ дайындалдық, әрине, күллі елдің атынан шыққан соң қатты қобалжыдық. Кей елдерден бірнеше қатысушы келгеніне қарамастан, біз лайықты өнер көрсетіп, елімізге гран-приді алып келдік. Өте қуаныштымыз, - деді Di school модельдер мектебінің жетекшісі Диляра Турина.
Айта кетейік, 7 күнге созылған сән байқауында жас моделдер түрлі сынақтардан өтті.