Қазақстанның бокс федерациясының хабарлауынша, Саматәлі Толтаев (60), Санатәлі Толтаев (64) пен Ермахан Жақпеков (69) алтын медаль иеленген.
Саматәлі турнирдің үздік боксшысы атанды.
Оралбай Нұрбек (75) Софияда күміс, Айбек Досанов (52), Нығметолла Молдашев (56) пен Нұрдәулет Ұланұлы ( 91) қола жүлдеге қол жеткізді. Боксшыларымыз жиыны жеті жүлдені ұтып алды.
Қазақстанның командасы турнирде бірінші орынға ие болды, екінші орында ресейліктер, үшінші орынға әзербайжандықтар тұрақтады.