Қазақстандық бойжеткен Нью-Йоркте көз жұмды
11:01, 22 Желтоқсан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 жастағы Қазақстан азаматы Нью-Йоркте болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапты. Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Қайғылы оқиға болды. Нью-Йорктегі қазақстандық дипломаттар мерт болған бойжеткеннің туыстарымен тығыз байланыс орнатып, оның мәйітін Қазақстанға жеткізу бойынша көмек көрсетуде», - деді баспасөз қызметі.
Ведомство оқиғаның мән-жайын ашып айтпады.
Басқа да деректерге қарағанда, бойжеткен қыз Нью-Йоркте жұмыс істеп жүрген.