«Конференция Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген мереке - Отбасы күні өткізіледі. Бұл күн кездейсоқ таңдалып алынған жоқ, біздің мақсатымыз - қазақстандықтардың отбасылық қарым-қатынастарында туындайтын мәселелердің маңыздылығын және оларды шешу тәсілдерін көрсету», - делінген хабарламада.
Отбасылық тәрбие институтының жетекші психологтары 2014 жылы мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған тәжірибелік ұсыныстар дайындайды. Жоба әлі басталмаса да, сарапшылар мен психологтар оны мектеп оқушыларын ҰБТ-ға кезең-кезеңімен дайындаудың маңызды бөлігі деп атады.
Отбасылық тәрбие институты БАҚ арасында алда болатын Конференцияға байланысты үздік жарияланымдар мен хабарлауларға ұлттық конкурс жариялайды. «Біз телеарналардың, радиостансалардың, басылымдардың, ақпараттық агенттіктердің журналистерін БАҚ атауларын көрсетіп, аккредитациядан өтуге және биылғы жылдың 14 қыркүйегінде конференция туралы репортаждар дайындау үшін өз қалаларыдағы мектептерге баруға шақырамыз. Отбасылық тәрбие институының бас директоры, профессор Софья Евдокимова бастаған қазылар алқасы жеңімпаздарды мынадай номинациялар бойынша анықтайтын болады: Үздік телесюжет: 1-ші орын - 1000 АҚШ доллары - ҚР Ұлттық банкі бағамы бойынша теңгемен; 2-ші орын - 500 АҚШ доллары - ҚР Ұлттық банкі бағамы бойынша теңгемен; 3-ші орын - 200 АҚШ доллары - ҚР Ұлттық банкі бағамы бойынша теңгемен», - делінген хабарламада. Сондай-ақ бұл байқауда келесі аталымдар бойынша да жүлдегерлер анықталады: Үздік жарияланым: 1-ші орын - 1000 АҚШ доллары - ҚР Ұлттық банкі бағамы бойынша теңгемен; 2-ші орын - 500 АҚШ доллары - ҚР Ұлттық банкі бағамы бойынша теңгемен; 3-ші орын - 200 АҚШ доллары - ҚР Ұлттық банкі бағамы бойынша теңгемен.
Радиодағы үздік репортаж: 1-ші орын - 1000 АҚШ доллары - ҚР Ұлттық банкі бағамы бойынша теңгемен; 2-ші орын - 500 АҚШ доллары - ҚР Ұлттық банкі бағамы бойынша теңгемен; 3-ші орын - 200 АҚШ доллары - ҚР Ұлттық банкі бағамы бойынша теңгемен.
Үздік фоторепортаж: 1-ші орын - 1000 АҚШ доллары - ҚР Ұлттық банкі бағамы бойынша теңгемен; 2-ші орын - 500 АҚШ доллары - ҚР Ұлттық банкі бағамы бойынша теңгемен; 3-ші орын - 200 АҚШ доллары - ҚР Ұлттық банкі бағамы бойынша теңгемен. Шығармашылық конкурстың қорытындысы Отбасылық тәрбиелеу институтының www.ife.kz ресми сайтында жарияланатын баспасөз хабарламасында, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі аккаунттарында көрсетілетін болады. Жарияланымдардың скан-көшірмелері, бейне, аудио, фотоматериалдарға гиперсілтемелер биылғы жылдың 17 қыркүйегіне дейін ife-journal@mail.ru электрондық поштасына қабылданады. Жеңімпаздардың есімдері 2014 жылдың 18 қыркүйегінде жарияланатын болады.