Қазақстандық Д.Бармашов Еуропа кубогында фристайлдан жүлдеге қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Альбизінде фристайлдан Еуропа кубогының кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Sports.kz порталы.

Қазақстандық Дмитрий Бармашов жеке могулде швед Вальтер Вальбергті алға жіберіп екінші орынға тұрақтады, үшінші орында ресейлік - Евгений Гедрович.

Жұптық жарыста қазақстандық шаңғышы үшінші орында, бас жүлде жеке разрядта Вальтер Вальбергке бұйырды, одан кейінгі орында француз Жереми Ленверс.