Қазақстандық дәрігерлер Эбола безгегімен күресуге дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық дәрігерлер Эбола вирусымен күресуге дайын. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің басты штаттан тыс инфекционисті Бақыт Көшерова хабарлады, деп жазады Kazpravda.kz.

«Отандық дәрігерлер әрқашан дайын. Ай сайын, әсіресе соңғы оқиғалардан кейін ерекше қауіпті инфекциялардың алдын алу және қарсы әрекет ету бойынша үнему оқыту жұмыстары жүргізіледі. Ол осыған дейін жүргізілген және алдағы уақытта да жалғасын табады», - деп сендірді Көшерова.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанда ерекше қауіпті инфекцияларды жұқтырған науқастарды емдеу әдісі бар. Эбола безгегі осы санатқа жатады.

«Егер Қазақстанда осындай жағдайлар болса, бізде міндетті түрде жеке кіріп-шығатын орны бар госпиталь жайылады. Барлық инфекциялық стационарларда бізде обаға қарсы киімдер бар, дәрігерлердің бәрі ерекше қауіпті инфекциялы науқаспен қалай жұмыс істеу керектігін біледі», - деп атап өтті ол.

Вирус ешқашан жұқпайды деп айтуға болмайды, дейді сарапшы. Инфекцияның бірнеше таралу жолы бар. «Қазақстанның санитарлық эпидемиологтары әлемде болып жатқан оқиғаларға дереу назар аудары, алдын алу щараларына бірден кіріседі. Қазіргі уақытта біздің ел аумағына Африкадан келушілер қатаң бақылауға алынған», - деп қосты дәрігер.

Еске сала кетейік, Қазақстанның басты мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин азаматтардан мүмкіндігінше Эбола вирусы тараған елдерге бармауды сұрады. Аурудың белгілері білінген жағдайда, бірден медициналық көмекке жүгіну керек, деген болатын қазақстандықтарға қарата айтқан сөзінде Бекшин.