АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандық делегация Әзірбайжандағы президенттік сайлауға бақылаушы ретінде қатысады. Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«9 қазанда халықаралық бақылаушылар құрамында Қазақстан Республикасы атынан 49 бақылаушы - олардың ішінде парламент депутаттары мен Орталық сайлау комиссиясы, сыртқы істер министрлігі және еліміздің барлық аймақтарының өкілдері Әзірбайжан Республикасының президенттік сайлауына бақылаушы ретінде қатысады», - деді ресми өкіл.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.