Делегация құрамында БАӘ-дегі ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі К. Лама-Шариф, Атырау, Павлодар, Қостанай, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасарлары, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитетінің өкілдері бар. Делегация БАӘ-ге Аджман қаласында өтетін қазақстандық-әмірлік іскерлік форумына қатысуға келді.
Аджман басшысы шейх Х. Ан-Нуеймимен Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары А. Дүйсебаев пен Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Д. Тұрғановтың кездесуі барысында екі қазақстандық өңірдің сауда-экономикалық дамуы, шетел компанияларымен инвестициялық ынтымақтастық перспективалары жайында сөз қозғалды.
Өз кезегінде, шейх Хумейд бен Рашид Ан-Нуейми саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан мен БАӘ арасындағы ынтымақтастықтың серпінді дамып келе жатқанына тоқталды.
Аджман басшысы әмірлік тарапының ҚР экономикасына инвестиция құюға мүдделі екендігін жеткізді. Осы мақсатта таяу уақытта Қазақстанға әмірлік ханзадасы Ахмед бин Хумейд Ан-Нуейми бастаған Аджман делегациясы келмек.