Қазақстандық делегация Баку форумына қатысып жатыр

None
БАКУ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Энергетика вице - министрі Мағзұм Мырзағалиев бастаған қазақстандық делегация Әзербайжан астанасы Баку қаласында ашылған БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссияның тұрақты энергетика бойынша 7-ші форумына қатысып жатыр. Біздің делегация құрамында KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Болат Ақшолақов пен халықаралық ынтымақтастық бойынша атқарушы директор Рамазан Жанпейісов бар.

«Келесі жылдың 11 маусымында БҰҰ 8-ші минстрлік конференциясын өткізіп, энергетика министрлерін шақырып, энергетикалық ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді талқылауды жоспарлап отырмыз. Ал 10 маусымда «ЭКСПО-2017» ашылады», - деді М. Мырзағалиев.

«Шараға қатысудың негізгі мақсаты - «ЭКСПО-2017» аясында минстрлік конференцияның 8-ші халықаралық форумын өткізуге дайындалу. Қазақстан өткен жылы тұрақты энергетика бойынша комитеттің 24 сессиясында осы бастаманы көтерген. Бізді ЕЭК мүше елдердің барлығы қолдады. Аталған бастама барлық бес өңірлік комиссиямен келісілді және келесі жылы министрлер деңгейіндегі кездесу  «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуы аясында Астанада өтеді деген шешім қабылданды», - деп атап өтті Р. Жампейісов.

Сонымен қатар, Форум алаңында Энергетикалық Хартияның бас хатшысымен кездесу өтті. Онда бірқатар мәселе талқыланды. 

Сондай-ақ Украинаның энергетика және көмір өнеркәсібінің вице - министрі И.Дыденкомен және Әзербайжан Республикасының Энергетика  министрі Н.Алиевпен кездесу өткізу көзделген. Кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастық перспективаларын, 2017 жылы Қазақстанда ашылатын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің бірқатар аспекті талқыланады.